06
апрель
2019
"Дүниежүзілік денсаулық күніне" арналған "Спорт денсаулық кепілі" атты ісшара өтті
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында 07 сәуір "Дүниежүзілік денсаулық күніне" арналған "Спорт денсаулық кепілі" тақырыбында оқушылар арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: Ұзындыққа секіру, жылдамдыққа жүгіру, қыздар арасында жіппен секіру, ұлдар арасында асық ату ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаз сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұйымдастырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ.Арықбаев, Б.Несипбаев.







