Мектеп тарихы » СШ Алменулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 4431315 +7(702) 1967229
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2017

Мектеп тарихы

Б.Әлменұлы атындағы орта мектебі тарихынан
 
        Мектеп алғаш рет 1937 жылы қыркүйекте бұрынғы «Октябрь» және «Көктебе» колхоздарының жерінде ұйымдасқан «Октябрь» бастауыш мектеп деп аталатын. Алғашқы жылы 1-сыныпқа барған немесе бастауыш сыныпты оқығандар Иманмырзаев Әуесбек, Қалжанов Құрманбек, Таласбаев Тұрар, Бейбітов Оралхан, Шәріпов Кестебек, Бештаева Құндызай, Атамқұлов Сағат, Тасжүрек Сауытбек, Шәкірова Назымкүл болды.
        Мектеп жаппай елдің соғысқа кетуіне байланысты 1941-1944 жылға дейін жабылған.Одан 1944-1945 оқу жылынан бастап қайтадан бастауыш мектеп болып ашылды.
        Мектепте алғашқы басқарушы және Кемежанов Бигел, Иманалиев Өмірәлі, Естайбеков Жарқынбек, Төлебаев Жандар, Тоққожаев Балқожа, Батырбаев Рахманберді, Молдабеков Смағұл жұмыс істеген.
        Мектепте 1944 ж қайта ашылғанда Үсіпбаев Асаубек, Қасымов Жұмаділ, Біртаев Мәдібек, Батырбаев Зәрубай, Мелдебеков Бодаубек, Дәуренбекова Үмітайлар жұмыс істеген.
        Мектеп 1955 жылдан 1959 жылға дейін 2 жыл жеті жылдық болып жұмыс істеген.Оның директоры Аяпбергенов Рәпілбек, мектеп директорының орынбасары Жаңабеков Мәмеш болған.1959 жылдан 1963 жылға дейін қайтадан бастауыш мектеп болған.Оның директоры Қалжанов Құрманбек болды.
        Мектеп 1963 жылы 8 жылдық болып қайта құрылды да 1984 жылға дейін жұмы істеді.Осы уақыт ішінде мектеп директорлары болып Өмірбаев Қаражан, Төлепбергенов Баяу, Төлеуов Сүгірбай, Қабылбеков Мақсымбек, Көпежанов Құдиярбек, Қуанышбеков Әртілбек жұмыс істейді.
  1984 жылы қыркүйектен бастап орта мектеп болды. Орта мектеп директоры Қуанышбек Әртілбек,  Осы уақытқа дейін мына азаматтар мектеп директорлығы қызметін атқарған.
1.Кенжебеков Уәли-1991-1996 жж
2.Сағатов Нұрқаш-1996-2007 жж
3.Қожатаева Күлшәт-2007-2009 жж
4.Мұхтаров Марат-2009-2017 ж.ж
5. Орманова Гулфайруз-2017 ж
  Мектеп 1992-93 оқу жылдары Б.Әлменұлы атымен аталды.
  Мектепте қазіргі таңда 26  мұғалім жұмыс істейді.  Бұл мұғалімдердің 23 жоғары білімді, арнаулы орта білімдісі-3. Жоғары санатты мұғалімдер – 7, І санатты мұғалімдер – 9, 1 мұғалім жаса маман, қалғаны ІІ біліктілік санатты.
  Мектеп түлектерінің ішінде республика, облыс көлемінде әртүрлі қызмет атқарады.
1.    <!-- [endif] --> Ерғали Сағат-ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі;
2.    <!-- [endif] --> Тінәлиев Әбиірбек-сазгер, әнші;
3.    <!-- [endif] --> Әзімхан Қилыбаев-«Байзақ» ауданы әкімінің орынбасары;
4.    <!-- [endif] --> Дуанбеков Болат-Кеңес ауылдық округінің әкімі;
5.    <!-- [endif] --> Ізбасов Нұрбай-С.Сейфулин атындағы ҚазАТУ-дің геодезия факултетінің аға оқытушысы оқытушы;
6.    <!-- [endif] --> Есет Досалы-ақын, «Ақжол» газетінің тілшісі;
7.    <!-- [endif] --> Әбдірахманова Қарлығаш-Қызылорда облыстық  «Шұғыла» газетінің редакторы;
8.    <!-- [endif] --> Болат Бекжан – Қазақстан Тараз газетінің редакторы;
9.    <!-- [endif] --> Үсенов Нұрсейіт – Ұлттық бірыңғай тест орталығының директоры;
10.     <!-- [endif] --> Ысқақов Әлімхан – Совхоз директоры болған;
11.     <!-- [endif] --> Асқарбеков Қибат – Тараз қалалық әкімшілігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы болған;
 
Мектепті үздік бітіргендер:
 
1.    <!-- [endif] --> Омарова Света
2.    <!-- [endif] --> Адырбекова Гүлзира
3.    <!-- [endif] --> Ізбасов Нұрбай
4.    <!-- [endif] --> Мамыралиев Алихан
 
Облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасының иегері:
 
1.    <!-- [endif] --> Омарова Света – тарих пәнінің мұғалімі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив