03
октябрь
2019
"Республикалық экологиялық сағат"
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде, 3 қазан күні өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту, суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтау, жерді ластанудан сақтау, экологиялық тұрғыдан саналылыққа тәрбиелеу мақсатында «Экологиялық сағат» Республикалық акциясы өтті. Атап айтқанда, бастауыш, орта және жоғары сыныптарда танымдық, дамытушылық сабақтары өткізілді. Мектеп жанындағы учаскелерге орман шаруашылығы мамандарымен бірлесіп жасыл желектер, талдар отырғызылды. Сонымен қатар, оқушылар мектеп жанындағы гүлзарларға тазалау жұмыстарын жүргізді. 5-8 сынып оқушыларымен сырттағ мектеп айналысында көк желектерг, гүлзарларға саяхат, танымдық сабақтары өткізілді.




