05
октябрь
2019
«Ұстазым- ұлағатым үлгі өнегем» атты ісшара
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде ұстаздар күніне орай 5 қазан күні «Ұстазым- ұлағатым үлгі өнегем» атты 5-6-7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік іс шара өтілді. Іс шараға мектептің жалпы ұстаздары 1-10 сынып оқушыларымен ардагер ұстаздар түгел қатысты. Мектеп ұстаздары мен ардагер ұстаздарға 5-6-7сынып оқушылары жырдан шашу шашып, ән айтып, би билеп, қызықты қойылымдардан тарту тартты. 1-10 сынып оқушыларына, мектеп ұстаздарына, ардагер ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, құттықтауларын білдірді. Ардагер ұстаздар оқушыларға тілектерін айтып, баталарын беріп тарқасты. Іс шараны мектеп тәлімгері А.Орманованың ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде өтті.






