"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде қаңтар айының 15 мен ақпан айының 15 аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты оқушыларға жол ережелерін, жол қауіпсіздігін түсіндірумен қатар, балаларды мектепке және үйге қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол- көлік оқиғаларының алдын алу. Осыған орай, мектебімізде түрлі іс-шаралармен қатар, тәрбие сағаттары, тренинг, флешмобтар, ата-аналар жиналысы, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Атап айтсақ, 4 сынып оқушыларымен педагог-психолог Н,Амированың ұйымдастыруымен «Жол ережелерін білесің ба?» тақырыбында тренинг өткізілді. 3 сыныпта Б.Ахметова «Жарқын бол!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар, ата-аналармен демалыс уақытын белсенді өткізетін орындарда, жолда балалардың қауіпсіздігі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. АПБ ЖПҚ ЮТП-ның инспекторы полиция капитаны Манабаев Асхат Жиенқұлұлымен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесудін мақсаты жол- көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережелерін сақтау,құқық бұзушылықты болдырмау.Акцияны қорытындылау барысында тәлімгер А.Орманованың ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты флешмобпен аяқтады.


























