14
сентябрь
2020
"Отбасы бақыт мекені" атты ісшара
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында 7-11 қыркүйек апалығында "Отбасы бақыт мекені" атты іс-шара өткізілді. Мақсаты отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастығын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Апталық аясында сынып сағаттары, мектеп психологының кеңесі, бейне роликтер, дөңгелек үсте өткізілді. Атап айтқанда "Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы" психолог кеңесі 5-11 сыныптар арасында, "Отбасы бақыт мекені" 1-4 сыныптарда сынып сағаттары, "Отбасы ортасы ең жақын орта" 8-11 сыныптарда дөңгелек үстел өткізілді.










