11
декабрь
2020
"Арман керек адамға" тақырыбындағы кездесу
Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінде 11 желтоқсан күні кәсіптік бағдар беру айдары бойынша мектеп психологы Н.Амированың ұйымдастыруымен "Арман керек адамға" тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында түрлі мамандық иелерімен кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты оқушыларға дұрыс жол сілтей білу, мамандықты дұрыс таңдау және оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Кездесуге Ойық ауылдық ветеринария саласының ветеринар дәрігері Үсен Жеңіс, Жамбыл теле арнасының тілшісі Сапибулла Ардақ, мектебіміздің ардагер ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байболова Жамал апайлар шақырылды. Кездесу барысында әр мамандық иелері өз салалары бойынша қызығы мен қиындығы туралы айтып өтті. Оқушыларға таңдаған мамандықты сүйе білу және дұрыс таңдау жасай білгенде ғана сол саланың майталманы боласыңдар деген ойға шақырды. Оқушылар ойларында жүрген сұрақтарды маман иелеріне қойды және пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында оқушылармен. маман иелерімен тренинг өткізілді Кездесу өте әсерлі өтті және мамандық таңдау барысында қателеспеуге жол сілтеді.
[media=https://www.facebook.com/boltirik.almenuly?__cft__[0]=AZX3WvN2EhO-BwB07JFaL-tlnwLQ5OXTrHpKIIZMxsFgw9FRjYShbuHr3-CyVB4edOCcz1HEQdq4V4MgKBGDObCK9Y_jXmd5UfgYfMNscBgJwcod7m4gtTZd4t9j-OEOSWA&__tn__=-UC%2CP-R]https://scontent.fhel4-1.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/131975748_423035625491056_1120447181521430788_n.jpg?_nc_cat=109&ccb=2&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=478e1Q8qJrIAX9XqkyQ&_nc_ht=scontent.fhel4-1.fna&oh=7fe7f1c27ebbd03061969b781fef5549&oe=60073154